empty
 
 
Еуропалық үміткер – Азия чемпионы

Еуропалық үміткер – Азия чемпионы

Қаржы нарығы сегменттерінің тығыздығы өзінің шыңына жеткен, ал бәсекелестік күрес жанталаса қарулануға ұқсайтын қазіргі уақытта нарыққа кіру және онда тұрақтап қалу - шыңға бергісіз өр мақсат. Алайда амбициялардың бәрі бірдей қаржы нарығының барьерлік рифтеріне соғыла бермейді. Форекс – қызметтер сегментінде екі жылдай бұрын жаңа ойыншы – ИнстаФорекс компаниясы пайда болды, ол 24 айдың ішінде нарықтың көшбасшыларының біріне айналып, тәуелсіз сарапшылар мен жетекші қаржы басылымдарының танымалдығына ие болды.


Форекс нарығының ерекше тартымдылығы мен тұрақтылығы түрлі экономикалық жағдайларда бірнеше рет қолдау тапты. Бұл, пайдалылығымен қатар, нарыққа кірудің негізгі себебі болып табылады. Алайда, Форекс нарығының ішінде, жаңадан келгендердің тұрақты ағынына қарамастан, нақты-құрылған иерархия сақталады. Ол бокс терминологиясымен айтқанда, үш топқа бөлінеді. Біріншісі және ең үлкені - бұл underdogs. Бұл санатқа барлық жаңадан келгендер, тіпті нарыққа 3-4 жыл бұрын де-факто келгендер, бірақ әлі күнге дейін нарықта өз деңгейлерін арттыруға талаптанбағандар да кіреді. Екінші санат – contenders күшті, нарықта өз орнында сенімді тұрған, үшінші санатқа – champions шақыру алу үшін аздап қуаты мен ресурстары жетіспейтін ойыншыларды біріктіреді. Champions – бұл Форекс нарығының, бәсекелестік күрестің қитұрқы аспаптарын қолдана отырып, бір-бірімен қатар өмір сүре алатындар немесе бөлуге чемпиондық бәлішті аумақтық немесе сегменттеп бөле алатын нағыз көшбасшылар. Алайда орныққан әр нәрсенің, жалпы жағдайға сыймайтын, жағдайлары болады. Мысалы, ИнстаФорекс онлайн – брокер Forex нарығында екі жылдай бұрын пайда болып, қатысу аймағына қарай контендер немесе чемпион атану құқығына қол жеткізді. Осыдан екі жыл бұрын, Форекс нарығына жаңа келген көпшілік сияқты, ИнстаФорекс компаниясы өзін брокердің барлық негізгі аспаптары бар әмбебап компания ретінде көрсетті. Алайда, жаңадан келген көпшіліктен айырмашылығы ИнстаФорекс компаниясының мәлімдеген опциялар жинағы тек декларативті сипатқа ие болмай, нарықтағы жұмысының бірінші күнінен бастап 107 валюта аспабы, америка акцияларына CFD 34 келісім-шарт және GOLD бойынша мәмілелер, сондай-ақ тәулік бойы жұмыс істейтін саппорт, құттықтау бонустары мен бірқатар бірегей ұсыныстар кіретін толық функционалды қызмет спектрін қамтыды. Бизнесті жүргізуге осындай іргелі көзқарас компанияның даму болашағына үлкен әсерін тигізді. Сонымен, 2 жыл ішінде компания нарықтағы көшбасшыларының біріне айналды, бұны бүкіл әлем бойынша 160 астам өкілдіктердің болуы және нарықтағы 350 000 USD асатын көлемдегі ең үлкен жылдық жүлде қоры дәлелдейді, соның аясында компанияның клиенттері ақшалай жүлделермен қатар, Hummer және Lotus автомобилбдерін де ұтып ала алады. ИнстаФорекс компаниясының осыншама жылдам дамуы өкілдіктердің саны, нақты клиенттердің саны, күн сайынғы мәмілелер саны сияқты сандық көрсеткіштермен қатар, тәуелсіз сарапшылар және халықаралық жетекші іскерлік басылымдар (журналдар) тарапынан компанияның қызметін бағалауда да өз көрінісін тапты. Мәселен, 2009 жылдың қорытындысы бойынша беделді «World Finance» журналы ИнстаФорекс компаниясын Азиядағы №1 брокер деп мойындады, ал бірқатар ресейлік іскер басылымдар, ИнстаФорекстің микро-реал шоттар сегментінде жетекші брокер деген ортақ пікірге келді. ИнстаФорекс компаниясының түрлі халықаралық форекс – көрмелерге табысты қатысуын да айта кету керек: қаржы нарығы саласындағы ShowFxAsia тәуелсіз көрме бренді ИнстаФорексті Азияның 2009 жылғы үздік онлайн – брокері деп атады.

Осының барлығы Форекс нарығында, оның тығыздығы және қатаң бәсекелестігіне қарамастан, жаңа бастаушыдан нарықтың көшбасшысына айналып, биікке шапшаң өрлеу әлі де мүмкін екенін көрсетті. Алайда ИнстаФорекс компаниясының тарихы– бұл жәй ғана сәттілік емес, нарықты зерттеу, сондай-ақ, оған кіру стратегиясын құру және оны іске асыру бойынша жақсы атқарылған жұмыстың мысалы. ИнстаФорекс компаниясы, тек дұрыс қорытындылар жасай білді және өзін көрсету мен өсу нүктелерінде дұрыс шешім қабылдай алды. Нәтижесінде, CNBC жетекші халықаралық іскерлік журналы көптеген сарапшылардың, сондай-ақ бизнес басылымдардың пікірімен келісіп, ИнстаФорекс компаниясын әлемдегі ең тез дамушы брокер деп мойындады.


CNBC журналы, Желтоқсан 2009
Кері

Қазір сіз телефон арқылы сөйлесе алмайсыз ба?
Сұрағыңызды чатта қойыңыз.