empty
 
 
Көлемінің мәні болғанда

Көлемінің мәні болғанда

Соңғы 8 жыл бойына валюта нарығы шағын жеке инвесторлар үшін ең қызықты және тартымды қаржы нарығы болып қалуда. Өйткені, жаһандық желіге шыға алатын және қалтасында бес доллары бар әркімде Форексте дәл қазір трейдер бола алады. Алайда сізге барлық қажетті қолжетімділігі және лицензиясы бар, жеке тұлғаларға әлемдік валюта биржасына шығуға мүмкіндік беретін делдал брокер — компанияның көмегі қажет-ақ. Міне, дәл осы тұста брокерді, яғни Форекс нарығына жолсерікті таңдау сияқты маңызды мәселені пысықтап алу өте қажет, өйткені трейдер мансабының тиімділігі мен ұзақтығы, және оның жетістігі соған байланысты болмақ.

Бүгіндері мыңдаған брокерлер мен дилинг орталықтары Форекс нарығында өз қызметтерін ұсынуда. Дегенмен, алданып қалмаңыз — осындай компаниялардың көпшілігі қызметтердің толық аясын ұсына алмайтын немесе сенімсіз, тіпті алаяқтық мақсатында белгілі бір мерзімге ашылған шағын ДО болып келеді. Сондықтан Форекс-брокерді таңдау мәселесінде көлемінің мәні болатыны анық. Ірі, әмбебап, ұсынылған әлемге танылған, нарықта кемінде 3 жылдай жұмыс тәжірибесі бар брокерді таңдаңыз. Егер клиенттік база көлемі бойынша ақпарат бар болса, онда базасы үлкен брокерді батыл түрде таңдауыңызға болады. Қандай да бір брокермен кемінде 3 жылдай жұмыс істейтін жүздеген мың, тіпті миллиондаған трейдерлер — бұл осы брокердің сенімді екендігінің кепілі болмақ. Ал іс жүзінде, нарықтағы сервистер мен қызметтердің ауқымды көлемі бар тартымды жағдай сауданы ұсынатын, сондай-ақ брокердің үздіксіз инновациялық дамуын қамтамасыз ететін қызметкерлердің қомақты штаты бар брокер.

Халықаралық InstaTrade брокері Форекс нарығында 7 жылдай жұмыс істейді, осы уақыттың ішінде әлемдегі форекс-компаниялардың алдыңғы ондығына кіретін ең ірі брокерлердің біріне айналды. Нарықта жұмыс істеген кезінде компанияның адал клиенттерінің саны млн. адамнан асты. 2010 жылдан бері InstaTrade компаниясы британдық World Finance басылымның пікірі бойынша үш мәрте Азияның № 1 брокері атанды. Бүкіл әлем бойынша брокердің өкілдіктерінің саны 200 кеңседен асты. Кез-келген компания нарыққа кіріп, бірнеше жылда оның көшбасшысының бірі болуға қабілетті емес. Бірақ, кез -келген сәттілік пен сәтсіздіктің өз себептері бар.



InstaTrade компаниясы — бұл, ең алдымен, жоғары сапалы сервистер мен қызметтер, бизнесті дамытуға үздіксіз салымдар, кәсіби және тәжірибелі қызметкерлер. Алайда, сонымен қатар, фундаменталды болмаса да, дегенмен жасайды қарапайымнан табысты компанияға — осы саланың көшбасшына айналдыратын бір себебі — ол инновациялар.

InstaTrade компаниясына өзінің көптеген клиенттеріне қолайлы, түсінікті және қауіпсіз трейдингті ұсынуға мүмкіндік берген инновациялар. Дәл осындай көзқарас табысты компанияның және қанағаттанған трейдердің жұмыс істеуіне кепілдік береді.

Cауда аспаптарының көп болуымен қатар, InstaTrade компаниясы өзінің клиенттеріне бір брокерде сирек ұсынылатын, бірегей сервистер мен қызметтердің жинағын ұсынады. Біріншіден, InstaTrade әрбір трейдері жұмыс өтілі және инвестициялар көлеміне қарамастан, өзінің сауда депозитін салу барысында тосынсый – шотты әр толтыруға 30% бонус алады. Ондай бонусты қазір бірде-бір брокер ұсынбайды. Екіншіден,компанияның әрбір клиенті трейдингтің келесідей заманауи технологияларына қол жеткізе алады: табысты трейдерлердің саудасына инвестициялау сервисі - ПАММ-жүйесі; бір басудан жылдам трейдинг - One Click Trading; компания клиентінің әмбебап электронды әмияны — InstaWallet; бинарлық опциондармен сауда жүйесі; табысты трейдерлердің мәмілелерін көшіру жүйесі — ForexCopy және тағы басқалар.

Сонымен қатар, компания клиенттерінің барлық сауда операциялары, шоттары және қаражаттары ірі халықаралық банктердің қаржылық қауіпсіздік жүйесіне ұқсас көп деңгейлі қауіпсіздік жүйесімен қорғалған. Трейдингтің жоғары сапасын және жылдамдығын қамтамасыз ету үшін, InstaTrade компаниясы әлемнің әр түкпірінде орналасқан 11 сауда серверін және 35 астам дата-орталықтарды іске қосты. Серверлер саны компания клиенттерінің санына қарай, ұдайы артуда.

Осының барлығы сауданың ыңғайлы болуына, қарапайымдылығы мен қауіпсіздігіне кепілдік береді. Осылайша, трейдердің табысты жұмыс жасауы үшін барлық жағдай жасалуда. Оған өз қаражатының қорғалуы, мәмілелердің жедел орындалуы және нарықта пайда болатын жаңа технологиялар туралы алаңдаудың қажеті жоқ.

InstaTrade брокердің валюта нарығындағы жұмысты көңіл көтерумен ұштастыра алатындар үшін де арнайы ұсыныстары бар. 2009 жылы компания автомобильдер ұтысының сериясын бастады. Клиенттер арасында жол таңдамайтын Hummer H3, Lotus Elise және Lotus Evora спорткарлардың ұтысы өткізілді, алда тағы премиум-клас үш автоның ұтысы(Lotus Evora, Porsche Cayenne және Porsche Cayman) өткізіледі. Сонымен қатар, Miss Insta Asia интернет- сұлулық конкурсы кеңінен танымал болған. Қазір конкурстың үшінші маусымы өтуде, оған әлемнің 60 елінен 700 астам ару қатысты. InstaTrade компаниясы өткізетін конкурстар мен акциялардың жалпы жүлде қоры жарты миллион АҚШ долларынан асқан.

Сонымен бірге, жаңа идеялардың сарқылмас ағыны InstaTrade компаниясын алға жылжытып, Форекс нарығының көшбасшыларының бірі болуға және әлемнің әр түкпіріндегі миллионнан астам трейдер үшін сенімді серіктес болуына мүмкіндік берді.

Singapore Business Magazine, Қараша 2012
Кері

Қазір сіз телефон арқылы сөйлесе алмайсыз ба?
Сұрағыңызды чатта қойыңыз.