empty
 
 

Форекстегі жұмыста инвестор өз капиталын көбейте алады, сондай-ақ ықтималды пайданы және салған ақшасын да жоғалту тәуекеліне бас тігеді. Орташа күтілетін табыстылықтан ауытқу инвестордың қаржы нарығындағы тәуекелін анықтайды.

Бұл ауытқу ретінде жоғары пайда мен шығын әкелуі мүмкін.

Қаржы тәуекелдерін басқару табысты сауданың кепілі болып табылмайды, бірақ оның елеулі бөлігін құрайды. Әрбір валюта операциясы тәуекелге түсуі мүмкін, сондықтан, оларды басқарудың жалпы әдістерін қолдану ықтималды шығынды азайтады:

  1. 1. Стоп-ордерлер қою;
  2. 2. Капиталдың бір бөлігін ғана инвестициялау;
  3. 3. Тренд бойынша сауда;
  4. 4. Эмоцияларды басқару.

Тәуекелдерді басқару әдістері позиция ашылғаннан кейін қолданылады. Тәуекелдерді басқарудың негізгі әдістері шығынды азайтатын ордерлер қою болып табылады.

Stop-loss (сөзбе-сөз шығынды тоқтату ) - трейдер үшін сәтсіз жағдай орын алғанда нарықтан шығу нүктесі. Позицияны ашқаннан кейін өзіңізді артық шығыннан қорғау үшін stop-loss қою керек.

Стоп-сигналдардың бірнеше типтері бар:


  • Бастапқы стоп-сигнал. Трейдер шығын етуге дайын пайыздың немесе депозит көлемі анықталады. Баға позицияға қарсы қозғалғанда және ол трейдер белгілеген позиция деңгейіне жеткенде шығынмен жабылады.
  • "Қалқымалы" стоп-сигнал. Баға позиция бағытында қозғалғанда стоп-сигнал оның артынан трейдер белгілеген ара-қатынаста қойылады. Бағыт өзгерген жағдайда баға осы сигналға жетедіде, трейдер нарықтан шығады, бірақ, потенциалды, тіпті кейде пайдамен (баға қозғалысының өзгерісі қашан басталғанына байланысты).
  • Пайданы алу. Есепті пайданы алғаннан кейін позиция жабылады.
  • Уақыт бойынша стоп-сигналдар. Егер уақыттың белгілі бір кезеңінде нарық кірістіліктің керекті пайызын қамтамасыз ете алмаса, позиция жабылады.
Мақалалар тізіміне оралу
Шот ашу
Шот ашу
Шотты толтыру
Шотты толтыру
Қазір сіз телефон арқылы сөйлесе алмайсыз ба?
Сұрағыңызды чатта қойыңыз.